9 мамыр қарсаңында 6б сынып оқушылары Г. Р. Тюлекованың жетекшілігімен тыл еңбеккері Л. Г. Тимоноваға көмек көрсетті.
9 мамыр қарсаңында 6б сынып оқушылары Г. Р. Тюлекованың жетекшілігімен тыл еңбеккері Л. Г. Тимоноваға көмек көрсетті. Оқушылар әжені алдағы мерекемен құттықтады. Қоқыс аймағын тазартты.
денсаулық сағаты
Бүгін, 2019 жылдың 25 сәуірінде Береговой ЖОББМ 4 сынып оқушыларының арасында "Біз-салауатты және әдемі" атты денсаулық сағаты өткізілді. Бірінші кезекте оқушылармен жаттығу өткізілді,содан кейін балалар викторинаға қатысып, дұрыс тамақтану туралы бейнероликтер көрді. Жауапты-ДТЖО Жантимирова М. Ж., медбике Альберти О. Ф.
"ЭКО CROSS"акциясы
"Рухани жаңғыру" республикалық бағдарламасы аясында облыстық "ЭКО boom" жобасы аясында Береговой мектебінде "ЭКО CROSS"акциясы өтті. Оған мектеп оқушылары мен педагогтар белсенді қатысты.
IQanat білім беру бағдарламасы
IQanat білім беру бағдарламасы республиканың ауыл мектептері арасында олимпиада туралы жариялады. Бағдарлама тегін халықаралық білім алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ауыл мектептерінің оқушылары үшін арнайы әзірленген. Олимпиадаға 9 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың бірінші айналымының соңында Самарбек Б., Таранова Н., Федорова И., Түлеков Р., Павликенко Е., Краузе Р. жеңімпаз атаным, II турға өтті. Сізге сәттілік пен жеңіс тілейміз! Аубакирова А.Г.
Ардагерлерге көмек көрсету
Береговой ауылында тыл еңбекшілері мен еңбек ардагерлері тұрады. 20 сәуірде 7-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге тыл еңбекшілері мен еңбек ардагерлерінің үйіне көмек көрсету мақсатымен барды. 1933 жылы туылған Редозубова Раиса Тимофеевнаға, 1934 жылы туған Шпехт Виктор Александровичке және 1930ж. т., Щербак Сергей Герасимовичке көмек көрсетілді. Оқушылар ардагерлердің үйінің ауласын қоқыстан тазартып берді.